- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақтың ұлттық құндылықтары ЮНЕСКО-ның Әлемдiк мұра тiзiмiне енгiзiлмек
Қазақтың ұлттық құндылықтары ЮНЕСКО-ның Әлемдiк мұра тiзiмiне енгiзiлмек
«ЮНЕСКО тiзiмiне Жiбек жолы ғана енiп жатқан жоқ, сонымен бiрге бiзде керемет нысандар бар. Мысалы, Отырар қаласы, қазiгi кезде ежелгi Тараз аршылып жатыр, Шығыс Қазақстанда керемет артефактiлер табылып жатыр. Айта кету керек, ЮНЕСКО-ның бiрнеше тiзiмдерi бар, мысалы, биосфера саласында, есте сақтау күнделiгi, сонымен бiрге материалдық емес құндылықтар, оны да ескерiп отырмыз», - деді сөз басында министр.
Сонымен қатар ол, казiгi кезде айтысты, қазақ үйiн жасау ерекшелiктерiн, бүркiтпен аң аулау сынды көптеген дәстүрлi шараларды ЮНЕСКО тiзiмiне енгізіліп жатқанын тілге тиек етті. ««Есте сақтау күнделiгiне» Семей-Невада антиядролық қозғалысын қарастырып жатырмыз. Ол бiз үшiн 20 жылда болған оқиға, ал ЮНЕСКО тарапынан бұл халықаралық маңызы бар оқиға болып отыр. Соның аясында бiрiншi қолға алынған жұмыстарды ЮНЕСКО тiзiмiне кiргiзiп жатырмыз. Сонымен бiрге Арал көлiнiң проблемаларын да енгiзiп жатырмыз. Iстелiп жатқан шаралар көп. Бiздiң мақсатымыз – ЮНЕСКО кеңесiнiң өтуiн пайдаланып, Қазақстанның көптеген құндылықтарын, ерекше сақталатын дәстүрлерiн де ЮНЕСКО тiзiмiне енгiзу», - деп А.Мұхамедиұлы өз ойын толықтырды.
Мәдениет министрiнің айтуынша, бiр ай бұрын Доха қаласында өткен жиналыс барысында Ұлы Жiбек жолының бiрiншi кезеңi ЮНЕСКО тiзiмiне енген. Бұдан басқа, Алматы облысындағы 3 қалашық, Талғар және т.б., сонымен бiрге Жамбыл облысындағы 5 қалашық та осы тізімге кіргізілген.
Сонымен қатар, министр Отырар қалашығын да ЮНЕСКО тiзiмiне енгiзу көзделiп отырғанын да әңгіме барысында ашып айтты.
«Берел, Есiк қорғаны, ордабасы және көптеген Қазақстандағы тарихи орындарды бiз ары қарай мiндеттi түрде тiзiмге енгiзуiмiз керек. Айта кетерлік жайт, айтыс, бүркiт аулау және киiз үй жасау ерекшелiктерi ЮНЕСКО тiзiмiне ендi. Бүгiнде құжаттама жағынан рәсiмдеу жұмыстарынан өтiп жатыр», - деп ведомсвто басшысы түйіндеді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды