Заңдастыру – мемлекеттік тіркеу процедурасын қысқарту

17 Шілде, 2014 14:42
«Мүлікті заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар мен Қазақстан Республикасында тұратын тұлғаларға рақымшлық жасау туралы» Заңымен заңдастыруға меншік құқығына заңдастыру субъектісіне жататын, құрылысқа тиісті нормалар мен ережелерге және орын алып жатқан жер телімінің мақсатты белгіленуіне сай келетін Қазақстан Республикасы аумағынағы ғимараттар (құрылыстар) жатады.

ҚР Қаржы министрлігінің хабарлауынша, меншік құқығына заңдастыру субъектісіне жататын, құрылысқа тиісті нормалар мен ережелерге және орын алып жатқан жер телімінің мақсатты белгіленуіне сай келетін Қазақстан Республикасы аумағынағы ғимараттар (құрылыстар) заңдастыруға терім төлеу қажетті мүліктер тізіміне енбейді.

Бар болғаны қажетті құжаттарды жинап, осы құжаттардың қосымшасымен өтініш бергеннен кейін комиссия шешім қабылдайды. Осылайша түрлі мемлекеттік органдарда құжат жинаудың қажеттілігі жоқ. Тек бір жерге ғана құжаттарды тапсырсаңыз болғаны. Сол себепті заңдастыру науқанын мүлікті тіркеуді қарапайым жолы деп атауға болады.

 

Барлық жаңалықтар