• Басты
  • Фоминдер әулеті: Жалпы еңбек өтілі 125 жыл
25 Шілде, 2013 00:00

Фоминдер әулеті: Жалпы еңбек өтілі 125 жыл

Петропавлда Фоминдер әулеті 125 жылдай «Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілік компаниясы» АҚ-ында жұмыс істейді.
Фоминдер әулеті: Жалпы еңбек өтілі 125 жыл

Еңбеккерлер әулеті «Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілік компаниясы» АҚ-ының мақтанышы. Өйткені кәсіпқойлардың тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа беріліп келсе, өнімділіктің жоғары деңгейде болатыны белгілі. Энергетиктер әулетінің энергетика саласында әке жолын қуған, өз кәсібіне ықыласпен терең берілгендігі басты байлық, мақтаныш.

125 жылдық еңбек өтілі бар Фоминдердің еңбеккерлер әулеті осындай қасиетке ие. Еңбек әулетінің ең үлкені Александр Фомин. Орта білім алып, таратушы құрылғыны жөндеу жөніндегі электр слесары мамандығын меңгерген ол қазір жанама станса қызметінде істейді.

Александр Фоминнің айтуына қарағанда әулеттегі алғашқы энергетик әкесі болған көрінеді. Ол кісі ЖЭС-1 құрылысын салуға қатысқан. 

«Мен өндіріске училищені бітірген соң келдім, - деп бастады әңгімесін Александр Николаевич. – Мен секілді келіншегім Галина Ивановна да эелектр желісіне жұмысқа тұрды, одан кейін екі ұлым да біздің жолымызды қуды. Сергей мен Юрий бала кезінен энергетика саласын ұнататын. Олар оқуын бітіргеннен соң мамандық таңдауда ойланбастан әкесінің жолына түсті. Қазір өз істерінің мықты маманы.  Кәсіпорында кіші қызым күйеуімен бірге істейді».

Александр ұзақ жылдар бойы жанама станса қызметінде кәсібін бастап, сол жерде істеп келеді.

«Электр қуаты желісінде істегенде жауапкершіліктің рөлі өте жоғары. Өзің үшін ғана емес жақындарың, әріптестерің үшін де жауаптысың. Біздің мамандықты жарылғыш іздеуші - сапермен салыстыруға болады.Жоғары кернеумен жұмыс істейтіндіктен қателесуге құқың жоқ. Құрылғының ертеде шыққан көнесімен, соңғы үлгісімен де жұмыс істейсің. Оны кәсіпорында одан басқа жерде де орнатасың, жөндейсің. Осылайша барлық отбасымызбен энергетика саласының еңбеккерлерінің беделін төмендетпейміз», - дейді әулет ақсақалы.

Ақсақал ұлдарын мақтан тұтады. Олардің екеуі де жауапты қызметте: Сергей Александрович – жанама станса қызметінің бастығы, Юрий Александрович – осы қызметтің шебері. Ағаларының ізімен Оксана Запорощенко (күйеуге шыққанған дейін фамилиясы - Фомина) да сонда қызмет етеді. Ол жанама стансада электр құрылғыны оқшаулау және орама жөндеу жөніндегі электржөндеуші, оның күйеуі Павел Запорощенко стансада жетекші инженер. Оксана еңбек етіп қана қоймай, сырттай жоғары білім алып жатыр. 

«Кәсіпорынымыздың құрылғанына биыл 50 жыл толады. Осы қуанышпен әріптестерімді, әрі көп жыл үйде де түзде де бірге жүрген қызымды, ұлымды, күйеу баламды да құттықтаймын!», - деп ағынан жарылды Александр Фомин.

Қазір электр желісі компаниясында энергетика саласы еңбеккерлері әулетінің кәсіптеріне адалдығын,  біліктіліктерін бір бірімен бөліскен бай тәжірибелі екендігін мақтан тұтады.

Осындай еңбеккерлер әулеті ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жасампаздығының кепілі екені сөзсіз. Бұл жаһандық дағдарыс кезінде мемлекеттік тұрақты дамуы үшін қажет.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам»  мақаласында өз ісінің білгірі болған жандар жөнінде айтылған. Яғни, еліміздің әр тұрғыны еңбек адамына, өндірісшіге сөзсіз құрмет көрсетуі тиіс.

«Тұтыну идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», деп көрсетілген мақалада.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды