- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен Жапония СІМ басшылары мемлекеттер арасында тікелей әуе байланысын ашуды талқылады
ҚР мен Жапония СІМ басшылары мемлекеттер арасында тікелей әуе байланысын ашуды талқылады
Сұхбаттастар диалогтың жоғары деңгейдегі жалғасының, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, азаматтардың өзара қатынасуын жеңілдетудің мүмкіндіктерін қарастырды. Е. Ыдырысов пен Ф. Кишида Қостанайда Toyota Fortuner автокөлік өндірісінің іске қосылғанының зор маңызын атап өтіп, бұл іс басқа жапондық автоөндірушілеріне жол ашатындығына үміт білдірді. Сонымен қатар, атом энергетикасы мен сирек металдар өдірісі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жасалынған қолайлы мүмкіндіктер атап өтілді.
Экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы сөз қозғағанда, Ф. Кишида Қазақстан-2050 Стратегиясының мақсаттарына жетуді көздейтін Қазақстан реформаларының бағытын Жапонияның қолдайтындығын жария етіп, кіші және орта бизнестің дамуында жапон тарапының қатысу мүмкіндіктерін атап өтті.
Екі сыртқы саяси мекемелердің басшылары Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндіктерін қарастырды. Олар ҚР-да биылғы жылдың 15 шілдесінен бастап Жапония және тағы тоғыз ел үшін бір жақты визасыз тәртіптің орнағаны Қазақстанға туристер мен инвесторлар ағымын арттырады деген үміттерін білдірді. Ф.Кишида әріптесіне Жапония, өз кезегінде, дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттар иелері үшін визалық талаптарды жою мәселесін жедел түрде қарастырады деп айтты.
Е.Ыдырысов Жапонияны ресми түрде Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды және жаңа энергетика саласында өздерінің өнімдері мен технологияларымен аты шыққан жапониялық компаниялар белсенді атсалысады деген сенімін білдірді.
Сұхбаттасушы тараптар БҰҰ мен ЮНЕСКО секілді ұйымдарда өзара ықпалдастықты нығайтуға келісті. Және жақында ғана Қазақстанның да, Жапонияның да Ұлы Жібек Жолындағы бірқатар объектілері ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енуінің маңызы ерекше аталып өтілді.
Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ынтымақтастығы бөлек талқыға салынды. Соның ішінде, ЭЫДҰ-ның Қазақстанға арнайы елдік бағдарламасын әзірлеу қарастырылды. Жапония Қазақстанның болашақта аталмыш ұйымға кіруіне алып келетін осы ынтымақтастықтың одан әрі дамуын қолдайды деп атап өтті токиолық дипломат.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері