• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕХPO-2017 нысандары үшін Ресей мен Беларусиядан келетін құрылыс материалдары кедендік баж салығынан босатылады

ЕХPO-2017 нысандары үшін Ресей мен Беларусиядан келетін құрылыс материалдары кедендік баж салығынан босатылады

17 Шілде, 2014 09:01
Астанадғы ЕХРО-2017 нысандарының құрлысы үшін Ресей мен Беларусиядан келетін құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдары кедендік баж салығынан босатылады. Бұл туралы Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық коммисиясы Кеңесінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Қазақстан Республикасы Астанадағы ЕХРО-2017 инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін және ұйымдастыру жоғары деңгейде өтуі үшін жаңа бастама көтеріп отыр. Біздің бұл бастамамызды Комиссия кеңесіде қолдап отыр. Дәлірек айтатын болсақ, біз ЕХРО-2017 қажет құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары кедендік баж салығынан босатылып, кедендік тіркеуде жеңілдетілген үлгіде жасалсын деп ұсыныс тастадық. Бұл игі бастаманы біздің әріптестерімізде қолдап отыр», - деді ол.

Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің күн тәртібінде Кедендік одақты, Бірыңғай экономикалық кеңістікті және құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақты одан ары дамыту мәселелері қаралды, деп ҚР СІМ хабарлады.

Жалпы,  Астанада 29 мамырда қол қойылған Еуразилық экономикалық одақ туралы келісімді дер кезінде жүзеге асыру үшін қажетті актілерді жасақтау бойынша жоспар құрылды.

Сонымен қатар, келелі кеңеске қатысушылар  халықаралық жүк тасымалы туралы кедендік конвенцияда көрсетілген ХЖТ кітапшасын беру мәселесінде талқылады.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, бизнестің дәл осы категориясы үшін Брянск пен Воронежск облыстарында кедендік бекеттерді ашу туралы келісім жасалды.

Барлық жаңалықтар