• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президент Әкімшілігі жетекшісі әкімдік жұмыстарындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды

Президент Әкімшілігі жетекшісі әкімдік жұмыстарындағы кемшіліктерді жоюды тапсырды

16 Шілде, 2014 18:09
Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары қатысқан екікүндік семинар-кеңестің қорытындысы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңесте облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары қатысқан екікүндік семинар-кеңестің қорытындысы жасалып, сайланған ауыл әкімдерін қоса алғанда, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру, орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктердің айырмашылықтары, сондай-ақ Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу мәселелері талқыланды.

Президент Әкімшілігінің Басшысы әкімдіктердің жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жоюға және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Барлық жаңалықтар