- Басты
- Жаңалықтар
- Жоғарғы Сот порталының көмегімен азаматтар сот процесінің бейне жазбасын көре алады
Жоғарғы Сот порталының көмегімен азаматтар сот процесінің бейне жазбасын көре алады
«Сот кабинеті» сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның (заңды тұлға өкілінің) төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ төлем құжатының (түбіртек, төлем тапсырмасы және т.б.) сканерден өткен көшірмесін қоса беру мүмкіндігі артты», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Азаматтық іс жүргізу кодексіне енетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Сот кабинеті» сервисін одан әрі дамыту нәтижесінде арыз-шығмдар мен өтініштерді беру, сот процесінің аудио- және бейнежазбасын көру, істерді іздеу және т.б. мүмкіндіктер болады деп жоспарлануда.
Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілердің еңсерілуіне ықпал етеді, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетіп қана қоймай, тұрғындар үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін барынша арттыра түседі.
«Дөңгелек үстел» барысында ақпараттық технологияларды сот жүйесінде қолдану бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру, порталды жақсарту және жаңғырту бойынша тиімді тәсілдерді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Республикалық адвокаттар алқасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда азаматтар электронды цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына өтініш жіберіп, анықтама алады, тіркеуін ауыстырады, түрлі қызметтер мен рұқсаттамаларды алуға тапсырыс береді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
А.Цой: Коронавирус жұқтырғандардың 99,9%-ы вакцина алмаған азаматтар