Ақмола облысында 2,3 млрд теңгенің құс фабрикасы ашылады

16 Шілде, 2014 18:49
Ақкөл ауданы Үшбұлақ ауылында 2 млрд 302 млн теңгенің құс фабрикасы құрылысы жобасы іске асырылады, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.

Айта кету керек, ірі құс фабрикасы құрылысы бойынша «Үшбұлақ2005» ЖШС жобасы кәсіпкерлік қаражатына жасалуда.

Қазіргі таңда барлық құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Нысанды 2014 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.

Құс фабрикасында 4800 тонналық азықтандыру цехы болады. Биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 120 млн теңгеге жол, су, кәріз жүйесі мен электр қуаты тартылды. 

Барлық жаңалықтар