- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысында жылу есептегіш құралдарын орнатуға 562 млн. теңге бөлінді
Қостанай облысында жылу есептегіш құралдарын орнатуға 562 млн. теңге бөлінді
Ағымдағы жылы Қостанай облысында 833 тұрғын үйге жалпы үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнату үшін 562 млн. теңге қарастырылған. Қомақты қаражат көпқабатты тұрғын үйлердің санына қарай бөлінген. Мәселен, арнайы құралдарды орнату мақсатында Қостанай қаласында 368 үйге
248 млн. теңге, Рудныйда - 270 үйге 182 млн. теңге, Арқалықты 42 көппәтерлі үйге 28 млн. теңге, Лисаковскта 86 үйге 59 млн. теңге, Жетіқарада 67 үйге 45 млн. теңге бағытталған.
Арнайы жұмыс тобы сапар аясында Қостанай мен Рудный қалаларының бірқатар көп қабатты тұрғын үйлерін аралап, онда жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктері жөніндегі кездесудің барысында тұрғындарға жылу энергиясын есептегіш аспаптарын орнатудың барлық ерекшеліктерін түсіндірді. Өйткені аталған аспапты орнату тұтынушыларға пайдаланылмаған жылу энергиясының көлеміне төленетін төлемді төлемеуге, энергия үнемдеу іс-шараларды және технологияларды енгізуден тиімділік алуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жалпы үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктерін насихаттау жөніндегі арнайы көшпелі жұмыс тобы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қалаларын аралап шықты.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды