- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысы әкімі Абай ауданындағы мемлекеттік бағдарламаның орындалуын тексерді
Қарағанды облысы әкімі Абай ауданындағы мемлекеттік бағдарламаның орындалуын тексерді
Облыс әкімі «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша ауданда салынған Абай атындағы №5 мектеп-гимназиясын аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқыту-тәрбиелеу жұымстарының сапасымен, ұстаз мамандармен қамтамасыз ету деңгейімен, мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты. Әкімнің айтуынша, оқу орны қазақтың ұлы ақынының атын абыроймен арқалап жүр. Ондағы 72 оқушы түрлі пән олимпиадалырының жүлдегерлері, ал 88-і ғылыми байқаулар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жүлдегерлері.
Нұрмұхамбет Әбдібеков Абай қаласында қолға алынып жатқан моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының абаттандыру жұмыстарына ерекше тоқталды. Биыл республикалық бюджеттен осы мақсатта 90 млн теңге бөлінген.
Сонымен қатар әкім қарқынды дамып келе жатқан «Шанс» шаруа қожалығында да болды. 2012 жылы астықтың жалпы ору көлемі гектарына 7,8 центнерден 7449 тонна болса, 2013 жылы гектарына 13,9 центнерді құрап 13 305 тоннаға жеткен. Ал 2012 жылы 12 мың тонна өнім берген картоп өндірісі 2013 жылы 22600 тоннға жеткен. Өнімділік осы тұрғыда центнеріне 200-ден 301 центнерге жеткен. Шаруашылықта осымен қатар ірі қара малы, жылқы мен доңыз бар. Қазіргі таңда мұнда мың бастық жылқы фермасын құру бойынша 300 млн теңгенің инвестициялық жобасы қолға алынуда.
Облыс әкімі бұл жобаның маңыздылығына тоқтала отырып, оның жаңа жұмыс орындарын ашатынын және өндіріс көлемін 5 есеге өсіретінін айттын.
Сапар соңында өңір басшысы Абай ауданында жалпы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің жоғары екенін айтып баға берді. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктердің, асыл тұқымды мал шаруашылығының, бюджеттің кіріс-шығысы мен азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұрудағы олқылықтарды атап айтып, аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты