ЕҚҚДБ тарифті реттеу жобасын таныстырды

16 Шілде, 2014 14:32
Астанада Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасы Ғалым Оразымбетов Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің өкілдерімен кездесті. Олар табиғи монополия, газды сақтау мен тасымалдау, жылу-электроэнергия генерациясы, пошталық қызметтер, телекоммуникация, инфрақұрылымды дамыту мен тариф саясаты және өзге де салалардағы жобаларын таныстырды, деп хабарлайды БҚА.

Жобаны таныстыра отырып дайындаушылар тарифті реттеу саласындағы сарапшылардың ұсыныстарын іске асыру тиімділіктері мен мақсаттары туралы аз кем әңгіме қозғады. Жобаның басты мақсаты, олардың айтуынша, тариф саясатын барынша жақсарту болып табылады.

Өз кезегінде агенттік төрағасы ведомстваның реттеулі нарық санын қысқарту туралы бастамаларын айтып, сонымен қатар тариф реттеу қызметін іске асыру бастамаларын таныстырды.

Кездесу барысында БҚА мен банк өкілдерінің жобаны дайындау аясындағы өзара байланысы мәселесін қозғады.

 

Барлық жаңалықтар