• Басты
  • Жаңалықтар
  • Табиғаттағы өртпен күрес бойынша республикалық штабта 2,7 мыңнан астам автотехника бар

Табиғаттағы өртпен күрес бойынша республикалық штабта 2,7 мыңнан астам автотехника бар

16 Шілде, 2014 14:09
ҚР ТМЖ Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, қошаған орта және су ресурстары министрлігі, көлік және коммуникация министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігінің өзі, сонымен қатар облыс әкімдіктері қызметінен тұратын топтармен өңірлік аймақтардың республикалық штабы мен жедел штабы құрамын анықтады.

Ведомстваның хабарлауынша, республикалық топта 2717 дана автотехника бар, сонымен қатар су себу құрылғысымен 11 тікұшақ, 47 өрт поезы мен 17 мыңнан астам адамдық қор бар.  

Тартылған аталмыгш қызметтер 2 мың өрт сөндіру құрылғысы, 2 мыңнан астам мотопомп пен 19 мыңнан астам бекіністік құралдардан тұратын өртке қарсы күрес құрылғысымен жарақтандырылған.

Сонымен қатар ТЖМ бөлімшелерінің трансшекаралық сипаттағы табиғи және техногендік төтенше жағдайларға жедел ден қоюы үшін өткізу және жұмыс істейтін пункттерден басқаларында мемлекеттік шекарадан оңай өту рәсімі ретке келтірілді.

Жердің үстін қашықтықтан зондтау әдісін пайдалану арқылы табиғи өрттерді ертерек табу жүйесі дамып келеді.

2014 жылғы сәуірден бастап күн сайын ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығына республиканың барлық аумағын қамту арқылы термикалық нүктелер бойынша жерді қашықтықтан зондтау суреттері келіп түседі. 

Халық арасында өрт қауіпсіздігі саласындағы сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында 2186 аншлаг, 110 билборд орнатылды.

2014 жылдың өткен кезеңінде республикада 7256 өрт орын алды, келтірілген материалдық шығын 1 млрд. 549 млн. 691 мың теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда өрттің саны 18%-ға өсті, бұл ретте материалдық шығын   18%-ға, адамдардың қаза болуы 23%-ға азайды, өрт кезінде жарақат алғандардың саны 19%-ға өсті. 

Барлық жаңалықтар