- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы көрмеге Ұлы Жібек жолы дәуірінің жәдігерлері қойылды (ФОТО)
Астанадағы көрмеге Ұлы Жібек жолы дәуірінің жәдігерлері қойылды (ФОТО)
«Астанадағы ҚР Ұлттық мұражайының ашылу салтанатына Ресейдің этнографикалық мұражайы «Орталық Азия мен Кавказдың дәстүрлі тоқыма өнері – Ұлы Жібек жолының мұрасы» атты тақырыптық көрме ұсынды. Онда Орталық Азия мен Кавказ елдерінің өнері, мәдениеті, салт-дәстүрі көрініс тапқан», - деп уақытша сақтаудағы экспонаттарды тіркеу және сақтау бөлімінің жетекшісі Бәтеш Ақпасова ағынан жарылды.
Ұлттық мұражайдағы көрмеде Ресейлік этнографиялық мұражайдың 400-ден астам экспонаттары қойылды.
Ал, көрменің қақ ортасында Ұлы Жібек жолы дәуіріне тән қазақ халқының киіз үйі мен күнделікті тұрмыста қажет заттары орын тапқан.
Ұлы Жібек жолының бойында қолөнер өндірісінің ірі орталықтары орналасқан және ол арқылы Қытайдан жібек маталар, ыдыс аяқтар, үй жиһаздары мен әшекей бұйымдар әкелінген.
«Этнографикалық жиынтық Орталық Азия елдерінің мәдениеті, тұрмысы мен салт-дәстүрінен сыр шертеді. Көбіне олар киімдердің үлгілері, кілем тоқу мен киіз басу өнерінің әбзелдері мен керек жарақтары», - деп ол атап өтті.
Еретекте Ұлы Жібек жолы бойында ірі-ірі ауылдар орналасып, онда үлкен сауда жүргізілетін болған. Мәселен көрмедегі картиналардың бірінде саудагердің дүңгіршегі алдында саудамен айналысып жатқаны бейнеленген. Қылқалам шеберінің туындысында жібек орамалдарды, тақиялар мен шапандарды көруге болады.
Көне заманнан сыр суыртпақтайтын көрмені фотоқұжаттық бөлім аяқтайды. Онда орыстардың этнограф мамандары жинақтаған фотоматериалдар қойылған.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ -
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина