- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық күркетауық еті өндірісінің кешені өз қуатын шамамен 2 есеге көбейтті
Қазақстандық күркетауық еті өндірісінің кешені өз қуатын шамамен 2 есеге көбейтті
Құны 5,6 млрд.теңге тұратын жоба «ҚазАгро» Ұлттық холлингінің құрамына кіретін еншілес компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жүзеге асырылды. Соған байланысты жобаның жалпы құнынан 4,6 млрд.теңге «ҚазАгро» арқылы инвстицияланды.
«Ордабасы Құс» ЖШС бүгінгі күні күркетауықты өндірістік негізде өсіру бойынша Қазақстандағы жалғыз құс фабрикасы, ал ТМД елдері бойынша үшінші фабрика болып табылады. Оның қуаттылығы бастапқы кезде жылына 5 мың тонна өнім болған. Кешенді нығайтудың екінші кезеңін жүзеге асыру барысында күркетауық етін шығару қуаттылығын тағы 3282 тоннаға арттыруға мүмкіндік берді. Құс фабрика өндірістік негізде күркетауық өсіру және етін қайта өңдеу бойынша барлық халықаралық талаптарға сай. Отандық тауар тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де сұранысқа ие.
«Қазақстандық күркетауық еті Ресей нарығында үлкен сұранысқа ие. Екі жыл ішінде біз Ресейге 4 мың тоннадан астам ет өнімдерін экспорттадық. Өнімнің үштен бір бөлігі Мәскеу нарығына жіберіледі. Біздің өнімді сондай ақ Челябинск, Новосібір нарығында да табуға болады және жеткізу орындарының саны күннен күнге өсуде», - дейді «Ордабасы Құс» ЖШС бас директоры Мұрат Тағаев.
«ҚазАгроҚаржы» мамандарының бағалауынша кешен жұмысынан жыл сайын бюджетке 232,3 млн.теңге сомасында қаражат түсуі тиіс. Жақын арада фабрика жұмысының нығаюы көзделуде, бұл дайын өнім шығаруды арттыруға мүмкіндік береді. Компанияның кешендік жоспарына сәйкес 2017 жылға қарай құс кешенінің өндірісі 25 мың тонна құс етін құрайды. Кәсіпорынның нығаюы шеңберінде жергілікті тұрғындардың жұмсыпен қамтылуы да ұлғаяды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі