- Басты
- Жаңалықтар
- Орыс сурет өнеріне төрт ғасыр: еуропалық сұлулықтан батыл фантазияға дейін (ФОТО)
Орыс сурет өнеріне төрт ғасыр: еуропалық сұлулықтан батыл фантазияға дейін (ФОТО)
«Экспозиция орыс көркем өнерінің камералық музейін ұсынады. Көрсетіліп отырған барлық құндылықтар XVIII-XXI ғасырларға тиесілі. Ресей сурет және кескіндеме өнерінің төрт ғасырлық осынау байлығы бүгін біздің алдымызға қойылып отыр», - дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің заманауи өнер музейі жетекшісі Р.Әбенова.
Қазақстан мен Ресейдің мәдениет мекемелері мен өнер қайраткерлерінің белсенді және мүдделі бірігіп жұмыс жасауымен көптеген жылдар бойы екі ел арасындағы қалыптасқан тығыз мәдени байланыстың арқасында қазақстандықтардың «Орыс сурет өнерінің төрт ғасыры» атты бірегей көрмесімен танысуына тамаша мүмкіндік туып отыр.
Көрмеге орыс кескіндеме өнерінің мұрасын сан қырынан танытатын 50-ден астам автордың 90-нан аса туындысы қойылды.
Көрермендер орыстың таңғажайып табиғатын асқан сезімталдықпен жырлаған И.И.Левитанның «Осень», «Сура с высокого берега» пейзаждарын, орыс кескіндеме өнерінің озық өкілі саналатын Ф. С. Рокотовтың қылқаламынан туған «Княжна Куракина» портретін, әлемге аты мәшһүр И.А.Айвазовскийдің «Часовня на берегу моря» картинасын, тарихи полотнолар шебері В.И. Суриковтың «Утро стрелецкой казни» картинасына арналған этюдін тамашалаумен қатар, Владимир Брайнин, Татьяна Назаренко, Ирина Старженецкая, Наталья Нестерова сияқты қазіргі заманғы орыс суретшілері мен кескіндеме өнерінің басқа да белгілі тұлғалары ұсынған тамаша еңбектермен таныса алады.
Көрмеге Ресей этнографиялық музейі жәдігерлерінің топтамасы қойылған. Көрменің атауы керуен шөл даладағы жолдармен асыл заттарды, жібек маталарды, олардан тігілген керемет киімдер мен дәмдеуіштер және есепсіз қазыналарды тасымалдаған Шығыстың Алтын ғасырымен байланысты.
Көрмеге 400-ден астам жәдігер қойылған: құрал-саймандар мен станоктар, киім-кешектер, үй бұйымдары, мініс және жүк артатын малдардың жабдықтары, мата үлгілері, кілемдер мен кестелер, үйлену тойына қатысты заттар, ислам дініне қатысты бұйымдар және т.б.
Тоқыма өндірісінің технологиясы мен оның тұрмыста қолдануы ғана емес, сонымен қатар сол замандағы тарихи мәселелер мен қоғамдық қарым-қатынастарды кеңінен сипаттайтын көрмемен аттас каталог шығарылды.
Айта өтейік, көрме Ұлттық музейдің 1-қабатында орналасқан, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін созылады. Келем деуші азаматтар аптаның кез-келген күні жұмыс уақытында барып көре алады.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамата Алиев
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ