• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысының кәсіпкерлері АҚШ-тың дипломатиялық миссиясымен кездесті

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері АҚШ-тың дипломатиялық миссиясымен кездесті

15 Шілде, 2014 17:49
Маңғыстау облысының кәсіперлер палатасы алаңында аймақтың кәсіпкерлері төрағаның орынбасары Майкл Клечески бастаған Астана қаласындағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясымен және Астанадағы АҚШ-тың Энергетика министрлігі кеңсесінің директоры Кристин Хиршпен кездесті.

ҰКП-ның ресми сайты хабарлағандай, маңғыстаулық бизнесмендермен кездесу барысында Майкл Клечески қазақстандық-америкалық бизнес ынтымақтастығына оң бағасын берді.

«Біз сіздердің елдеріңізде қолайлы инвестициялық климат жасақтап жатқандарыңызға қуаныштымыз. Бүгінде Маңғыстаудың әлеуетін өте жоғары бағалауға болады және біз арамыздағы ынтымақтастық нығая түседі деп сенім білдіреміз», - деді ол.

Сонымен қатар, қонақтар АҚШ-тың сауда және даму агенттігінің (USTDA) жұмысы туралы әңгімеледі. Атап айтар болсақ, USTDA гранттарына өтініш беру мәселесі кеңінен қозғалды.

«Агенттік түрлі техникалық көмектің түрлерін, іскерлік семинарларға, инфрақұрылымдар мен еркін сауданың дамуына негізделген түрлі тренингтік бағдарламаларды қаржыландырады», - деп Астана қаласындағы АҚШ-тың Энергетика министрлігі кеңсесінің директоры Кристин Хирш ағынан жарылды.

Сонымен, USTDA Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырып үлгерді.  Ол 20 жыл ішінде 23-тен астам гранттарды Қазақсатнның  мемлекеттік және жеке құрылымдарына бөлді. USTDA гранттарының көлемі  250 мың доллардан 500 мың доллар аралығында болды. 

Барлық жаңалықтар