• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жас бизнесмендерге қызмет саласына қарамастан «Даму» кепілдігі ұсынылады

Жас бизнесмендерге қызмет саласына қарамастан «Даму» кепілдігі ұсынылады

15 Шілде, 2014 17:15
18-29 жас аралығындағы жас бизнесмендерге қызмет саласына қарамастан «Даму» кепілдігі ұсынылады. Бұл туралы Алматы облыстың «Даму» қоры бөлімшесінің директоры Ринат Талтүсов мәлімдеді.

Қор несиенің 70 пайызына дейін кепілдендіре алады. Банкке кепілдік қоятын «дүние жинап» үлгермеген жастар үшін аталмыш кепілдік үлкн көмекке айналмақ.

Сонымен қатар жастар үшін «Бизнес-Кеңесші» атты кәсіпкерлік негіздерін оқытатын тегін курс ұйымдастырылған. «Damu Start up» және «Халык Бизнес Старт», сонымен қатар жакс кәсіпкерлердің инновациялық бизнес-идеялары гранттық қаржыландыру бағдарламасы өзінің жемісін алдағы уақытта беретіні анық.

2014 жылыөңірде «Жас кәсіпкерлер мектебі» ашылды. Ол өз кезегінде кәсіпкерлік негіздерін игеруге, жәрмеңкелерде инвесторлардың алдында бизнес жобаны қорғау қабілеттерін оқытуда таптырмас дүние. 

Барлық жаңалықтар