- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек төлемінің жаңа моделі жалақыны 40 пайызға дейін көтеруді көздейді
Еңбек төлемінің жаңа моделі жалақыны 40 пайызға дейін көтеруді көздейді
15 Шілде, 2014 15:43
Еңбек төлемінің жаңа моделі денсаулық сақтау саласындағы жалақы төлемін 28, білім беру саласында жалақыны 29 пайыз көтеруді қарастырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
«Реформалау аясында Мемлекет басшысының мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпкерлік қызметкерлерінің – денсаулық сақтау саласында 28 пайыз, білім беруде 29 пайыз, ал өзгелерінде 40 пайыз арттыру тапсырмасы ескеріледі», - дейді министр.
Оның айтуынша, жаңа модельді енгізу үшін республикалық бюджеттен жарты жылдыққа 139 млрд теңге, ал бір жылға 278 млрд теңге қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық тәжірибені таладу негізінде Қазақстанда 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін азаматтық қызметкерлер еңбекақысын төлеудің жаңа моделі дайындалды.
Индира Қауметова
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр