Мемлекеттік қызметкерлер Президенттік сынақ тапсырды

15 Шілде, 2014 16:48
2014 жылғы мамыр және маусым айлары аралығында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Президенттік тест нормативтерін тапсыру шарасын өткізді.

Аталған жауапты сынға 18 орталық мемлекеттік органның басшылары мен мамандары  қатысты, деп хабарлайды агенттік.

Сондай ақ, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бағынастағы мекемелерінің мамандары мен қызметкерлері де бұл сынға белсене қатысып, . Жалпы, тест нормативтерін тапсыру шарасына қатысқандардың саны 700 адамнан асып түсті.

Президенттік тест сынамасы сынды жауапты шараға жоғары лауазым иелері де қатысып, өздерінің саламатты өмір салтын берік ұстанатындықтарын көрсетті. Олардың арасында Парламент депутаттары Абай Тасболатов пен Мейрам Бегентаев, ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов,  ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев және оның орынбасарлары Елсияр Қанағатов пен Сәрсен Құранбек болды.

 

Барлық жаңалықтар