Астана-Мәскеу поезының құрамы жаңа вагондармен жаңартылған

15 Шілде, 2014 19:02
Бүгін Астанадан Мәскеуге толықтай заманауи жаңа жолаушылар вагонымен жаңартылған Астана-Мәскеу поезының алғашқы құрамы жолға шықты, дп хабарлайды «Қазақстан Темір Жолы» АҚ.

Бүгін жаңа 10 жолаушылар вагонынан құралған бірінші құрам жолға шығады. Қалған вагондар тамыз айының ортасына дейін ауыстырылмақ. Барлық вагондар қазіргі заманғы ауа баптау жүйесімен, бейнемонитормен, бейнебақылау жүйесімен және «Жүгіртпе жол» ақпараттық тақтасымен жабдықталған. Штабтық вагонда автоматты көтергіш құрал орнатылған, пойызда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған купе де қарастырылған.  

«2014 жылдың тамыз айы ортасына дейін Астана-Мәскеу поезының 3 құрамын жаңа жолаушылар вагонымен жаңарту жоспарланған. Құрамды жаңғырту жұмыстары қазақстандық поездардың қызмет көрсету сапасы мен жайлылықты арттыру мақсатында жолаушылар вагонын жаңарту бағдарламасы аясында іске асырылуда», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар