• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысының ШОБ өнімі Орынборда өтіп жатқан өндірістік көрмеге қойылды

Ақтөбе облысының ШОБ өнімі Орынборда өтіп жатқан өндірістік көрмеге қойылды

15 Шілде, 2014 09:14
Ақтөбе облысының бизнес-қауымдастығы Орынборда өтіп жатқан ресейлік-қазақстандық өндірістік 13-ші «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық көрмесіне қатысты, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Көрмеге қос тараптан барлығы 130 кәсіпорын түрлі салалар бойынша өз өнімдерін қойды.  Атап айтатын болсақ, машинақұрылысы, құрылыс индустриясы, арнайы техника, ауылшарушылығы техникасы, арнайы киімдер және т.б.  Ал, Орынборды  энергияны үнемдейтін технологиялар, тамақ өндірісі және қайта өңдеу, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыру, спорт пен туризм саласындағы компаниялар таныстырды.

Сонымен қатар, көрмеге Ақтөбе облысының атынан «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, «Париждік коммуна» ЖШС, «Рокос», «Керамика», «Молочные истории», «Светоком» компаниялар тобы қатысты.

Айта кетерлік жайт, шара барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланып, бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мен Орынбордың сауда-өндірістік палатасының басшылары сауда-экономикалық миссияларды, форумдарды, көптеген кездесулер мен шараларды бірлесіп ұйымдастырға және жүзеге асыруға келісті, делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар