- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда теңізге шыға алмайтын мемлекеттер тобының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдер кеңесінің жиыны өтеді
Алматыда теңізге шыға алмайтын мемлекеттер тобының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдер кеңесінің жиыны өтеді
Шараға ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттер бойынша БҰҰ Жоғарғы өкілі Гиан Чандра Ачария мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов, сонымен қатар халықаралық ұйым өкілдері қатысады.
Қазақстан Республикасы теңізге шыға алмайтын ең ірі мемлекет болып табылады. Алматы әрекеттер бағдарламасын қабылдағаннан бастап Қазақстан тұрақты даму жолында айтарлықтай деңгейге жетіп, теңіз жағалауының жоқтығына қарамастан үлкен жетістіктерге жетті. 2014 жылдың 3-5 қарашасында Венада Алматы әрекеттер бағдарламасын іске асыру конференциясы өтеді. Алматыда осынау көшпелі жиын өткізу Вена конференциясына қазақстандық тараптың дайындыққа үлес қосуы болып табыады, сонымен қатар теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің қызығушылығын оятпақ.
«Алматылық кездесу Алматы бағдарламасының көздеген мақсатына жетуі үшін ұсыныстар әзірлеуді көздейді. Бұл мақсатта міндеттейтін заң және аймақтық құралдарға көбірек көңіл бөлген жөн. Барлық ұсыныстарда осыған дейін сабақ болған жайттар есепке алынуы керек», - деп Е.Ыдырысов толықтырды.
Өзінің сөзінде З.Сағынов елдің географиялық орналасуын пайдалану мен көлік бағыттарын дамыту бойынша Қаақстанның атқароып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталды.
«Қазіргі таңда Азия мен Еуропа арасындағы негізгі жүк тасымалы теңіз жолы арқылы тасымалданады. Құрлық тасымалына бар болғаны 0,2 - 0,5% тасымал тиесілі. Қазақстан арқылы жүк тасымалын арттыру үшін Қытай мен ЕО арасындағы жүк айналымы бағытын қайта бағыттау мен 2020 жылға қарай атылмыш көрсеткішті 8 пайызға жеткізу міндеттемесін алға қойып отырмыз», - дейді.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр