- Басты
- Жаңалықтар
- Терминологиялық сөздік: ЕАЭО
Терминологиялық сөздік: ЕАЭО
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның егемендігін алған уақыттан бастап ҚР сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып келетін еуразиялық интеграцияның идеясын белсенді және дәйекті түрде ілгерілетуде.
Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы бастамасы бірінші рет 1994 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Л.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс беру барысында қозғалған болатын.
Еуразиялық интеграция аясындағы оқиғалардың кезектелген хронологиясы:
1996 ж. – Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері Кедендік одақты құру туралы мәлімдеме жасады. Бұл жұмысқа кейін Тәжікстан қосылды. 2000 ж. – аталған 5 мемлекетпен «Еуразиялық экономикалық қауымдастық» халықаралық ұйымы құрылды.
2006 ж. – ЕврАзЭҚ мүше-елдерінің президенттері үш мемлекетке – Қазақстан, Беларусия және Ресейге Кедендік одақты тәжірибе жүзінде құру және өзара саудада тауарлар қозғалысына еркіндікті қамсыздандыру бойынша жұмысты бастау мандатын берді.
2010 ж. – үш мемлекеттің Кедендік одағы іске қосылды, үш елдің бірегей сыртқы сау да саясаты қолданыла бастады, осы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Бірыңғай кедендік тарифтер (БКТ) және үшінші елдер тауарларына қатысты тарифтік емес реттеудің Бірыңғай жүйесі күшіне енді.
2010 ж. шілдесінен бастап Кедендік одақтың Кедендік кодексі іске қосылды, өзара саудада кедендік рәсімдеу жойылды.
2011 ж. – ішкі шекараларда кедендік бақылаудың алып тасталуына байланысты үш мемлекеттің бірыңғай кедендік территориясы түпкілікті қалыптасты.
2012 ж. – экономикалық интеграцияның анағұрлым терең формасын – Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативті-құқықтық базасын құрайтын 17 негізгі келісімдер күшіне енді, ол өзіне, Кедендік одаққа қосымша, келесі қажетті шарттарды қосады:
1) келісілген экономикалық саясат;
2) капиталдың еркін қозғалысы;
3) қызметтердің еркін қозғалысы;
4) жұмыс күшінің еркін қозғалысы;
5) БЭК мүше-мемлекеттерінің инфрақұрылымына қол жетімділік.
2013 ж. 29-шы мамырында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің – Кедендік одақ пен Беларусия, Қазақстан және Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістігінің жоғарғы интеграциялық органының кезекті отырысы болды.
Саммитте үш елдің президенттері 2015 ж. 1-ші қаңтарына дейін Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімдерін растады.
Осы мақсаттарға сәйкес үкіметтерге бекітілген мерзімге дейін Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруды аяқтау тапсырмасы берілді. 2015 ж. 1-ші қаңтарына дейін КО пен БЭК режимдерінде қолданылатын барлық шектемелер мен алулар жойылуы тиіс. Бұл аталған Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына негіз болады.
Саяси тәуелсіздік мызғымас болып қалады – еуразиялық интеграцияның бұл қағидасы ең маңызды болып келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев біздің елдің саяси тәуелсіздігіне әлде қандай қол сұғушылықтар болса, Қазақстан бұндай одақтан шығып кететіндігін атап өткен.
Болашақ Еуразиялық экономикалық одақ үшінші мемлекеттердің қосылуы үшін ашық халықаралық ұйым болады.
2013 ж. 29 мамырда болған ЖЕЭК Саммитіне Қырғызстан және Украина президенттері А. Атамбаев және В. Янукович шақырылған болатын.
Қырғызстан үш елдің Кедендік одағына қосылуға өтінішті берді. Қазіргі кезде, ҚР-ның КО-қа кіруінің Жол картасын әзірлеп жатқан Жұмыс тобы құрылған.
Украина да Кедендік одақпен серіктестікті дамытуға және Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысында бақылаушы мәртебесін алуға ниет білдірді.
2013 ж. 29 мамырда болған ЖЕЭК отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларымен Еуразиялық интеграциялық үрдіске Қырғызстан мен Украинаның қатысуы туралы сәйкес өтініштері қабылданды.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай -
ИНФОГРАФИКА: ЕАЭО елдерімен өзара сауда -
Қаржы министрі ЕАЭО-ға қатысты: Әрбір мемлекет өзінің Ұлттық қадағалау жүйесін құруы қажет -
Алматыда ЕАЭО даму бағыты талқыланды -
Е.Досаев: ЕАЭО-ға мүше елдердің қаржы нарығындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді -
ЕАЭО елдерінің интеллектуалдық меншік саласындағы ынтымақтастығы -
ЕАЭО: Елбасының Одақты дамытуға бағытталған 4 ұсынысы -
ЕАЭО ЕО, ШЫҰ, АСЕАН және басқа да ұйымдармен интеграция жолымен жүруі тиіс – Н.Назарбаев