Қарағанды облысында мергендер жұптарының сайысы басталды (ФОТО)

14 Шілде, 2014 18:01
Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында Арнайы мақсаттағы бөлімшелері мергендер жұбының «Алтын үкі – 2014» халықаралық жарысы басталды. Қазақстанда жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкстан және АҚШ Қарулы Күштерінің мергендер жұбы қатысады, деп ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Алтын үкі – 2014» халықаралық жарысын ашқан генерал-майор Олег Бижанов: «әрбір қатысушының өз құпиялары мен атыс әдістері бар», - деп атап өтті.

«Сондай-ақ, биылғы жарыстар барысында «осында бесінші рет өткізіліп отырған мергендер өнерінің Орталық-Азиялық форумында барлық қатысушылардың өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды», - деп ол өз ойын толықтырды.

Биыл Спасскіде өтетін мергендер жұбының жарысында 38 үздік мерген өз шеберліктерін паш ететін болады. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. 19 шілдеге дейін барлаушыларға дене және атыс дайындықтары деңгейін сынайтын
16 жаттығуды орындауға тура келеді.

Суретті ҚР Қорғаныс министрлігі ұсынды.

Барлық жаңалықтар