- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Петропавлдағы балабақшаларда 380 орын ашылады
2014 жылы Петропавлдағы балабақшаларда 380 орын ашылады
Петропавл қаласының әкімі Төлеген Зәрарияновтың айтуынша, бүгінге дейін қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы кезекте шамамен 11 мың бала тұр. 1-6 жас аралығындағы балаларды осынау ұйымдармен қамту деңгейі 49,3% болса, 3-6 жас аралығындағы балаларда бұл көрсеткіш 80,1%.
«2014 жылы 380 орын ашылады. Бірінші жартыжылдықта мектепке дейінгі оқыту ұйымдарында 92 орын ашылған. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша 50 орындық топтар ашылмақ», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Балдырған» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу үшін 150 млн теңге бөлінген. Бұл өз кезегінде 10 топтан құралған 217 жаңа орынның ашылуына мүмкіндік береді. Осылайша 2014 жылдың соңына қарай жоспарланып отырған орындарды есептегенде 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту деңгейі 51,2 пайыз, ал 3-6 жас аралығындағылар үшін бұл көрсеткіш 83,5 пайызға жетпек.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беретін 8 ұйымның құрылысы қарастырылуда.
Облыс әкімі бұрынғы ескі ғимараттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына беру тапсырмасын жүктеді.
Алдын ала жоспар бойынша, 2015-2016 жылдары мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында облыста 9 жеке кәсіпкер осы істі қолға алмақ.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Абай жылының айшықты тұстары -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды