- Басты
- Жаңалықтар
- «Жібек жолы» Халықаралық фестивалі «Астана-опера» сахнасында өтеді
«Жібек жолы» Халықаралық фестивалі «Астана-опера» сахнасында өтеді
Фестиваль аясында «Ла Скала» театрының түпнұсқадағы қойылымы - қиялы сарқылмайтын режиссер Лука Ронконидің нұсқасындағы «Тоска» операсы, С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті көрермен назарына ұсынылады. Ромео рөліне Роман Михайлов (Франция) шақыртылса, Джульеттаны Мәдина Баспаева (Қазақстан) сомдайды. Сондай-ақ, М. Төлебаевтың «Бiржан-Сара» операсы да көрермен назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды «Астана-опера».
Атақты Абай ат. МАОБТ фестивальға П. Чайковский, А. Шнитке және Ж. Бизенің музыкасына жазылған Б. Эйфманның «Қызыл Жизель» балетін әкелсе, Ұлттық Қытай театры (ҚХР) Қытайдың бірегей ұлттық мәдениетін, атап айтқанда, оның опера және балет өнерін, сондай-ақ қызықтыратын халық әндері мен би қойылымдарынан тұратын концерт ұсынады.
Айта кетерлік жайт, фестиваль шеңберінде КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойына арналған «Сүю, үміттену және сену» атты бенифисі өтеді.
Сонымен қатар, алғаш рет Орта Азияда аты аңызға айналған Мариинский театрының жауап ретіндегі гастролі өтіп, ресейлік театр Р. Вагнердің «Нибелунг сақинасы» тетралогиясын екі бөлімде ұсынады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе