- Басты
- Жаңалықтар
- Банктердегі халықтың салымы 1,1% артты – Ұлттық банк
Банктердегі халықтың салымы 1,1% артты – Ұлттық банк
«Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2014 жылғы мамырда 11522,2 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға (жылдың басынан бері өсу 14,2%-ға) көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 7279,6 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға (жылдың басынан беру өсу 17,8%-ға) көтерілді, жеке тұлғалардың депозиттері 4242,5 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға (жылдың басынан беру өсу 8,6 %-ға) ұлғайды», - делінген хабарламада.
Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2014 жылғы мамырда 4277,4 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2019,9 млрд. теңгеге дейін 3,4%-ға өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 2257,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеп, халық 4 пайыз салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 46,2%-дан 47,2%-ға дейін ұлғайған.
Хабарламада айтылғандай, 2014 жылғы мамырда мерзімді депозиттер 7791,6 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеді. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4077,9 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасымен депозиттер 3713,7 млрд. теңгеге дейін 2,9%-ға азайған.
2014 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,6% (2014 жылғы сәуірде 5,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,9% (8,9%) болды.ф
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты