- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет басшысы Тараздағы жаңа өрт сөндіру депосына барды
Үкімет басшысы Тараздағы жаңа өрт сөндіру депосына барды
Сапар барысында ол 2013 жылғы 19 қазанда пайдалануға берілген Тараз қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болды. Делегация мүшелері құрамымен бірге келген ҚР ТЖ министрі В.К. Божко бөлімшенің жұмысы туралы баяндады
Жұмыс барысында қызметтік үй-жайлар мен жаңа №2 МӨСБ аумағы, өрт сөндірушілердің иелігінде тұрған техника мен арнайы жабдықтар көрмесін көрді.
Жаңа депо заманауи шарттарды есебінен әзірленген, сондай-ақ сәулет техникалық шешімдер мен дизайн үлгі жобасы бойынша салынды. Бөлімшенің материалдық базасы халықаралық стандарттарға жауап беретін заманауи өрт сөндіру техникасымен және қару-жарақпен, сондай-ақ ыңғайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлармен жарақталған.
Өрт сөндіру депосы кешені жалпы ауданы 1,7 гектар жер учаскесінде орналасқан. Кешен құрамына 4 машина орнына арналған қосымша резервтегі гараж боксы бар 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының ғимараты, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, 30 адамға арналған оқу сыныбы, бөлімнің байланыс пункті, 50 текше метр өрт сөндіру резуары, 2 резуары бар 2 бағанаға арналған отын құю пункті кіреді. Жеке құрамға тұрмыстық үй-жай, демалатын бөлмелер, психологиялық жеңілдену бөлмесі, спорт зал көзделген. Жеке құрамның кәсіби даярлығын ұйымдастыру мақсатында кедергілері бар 100 метрлік жол алаңы, сондай-ақ баскетбол-волейбол алаңдары бар оқу-жаттығу мұнарасы бар.
Жаңа өрт сөндіру депосының дислокациясы халқының саны 90 мыңға жуық қаланың оңтүстік-батыс бөлігін, сондай-ақ «Әулиеата» халықаралық әуежайы, облыстық балалар ауруханасы, Назарбаев интелектуалдық мектебі, «Тараз-Арена» халықаралық спорт кешені, «Атамекен-Тараз» орталық базары, «Петро-Қазақстан» мұнай базасы сияқты маңызды объектілерді сенімді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Соңғы үш жылда республикалық бюджет есебінен Жамбыл облысының иелігіне 15 бірлік өрт сөндіру техникасы сатып алынды, 2014 жылы тағы 4 бірлік техника сатып алынады деп жоспарлануда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру