- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да сот тарапынан қаралған азаматтық істер саны 11,3% артты
ШҚО-да сот тарапынан қаралған азаматтық істер саны 11,3% артты
Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде І.С. Испанов судьялардың еңбек жағдайын жақсарту және сот жүктемесін азайту мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасының Өкімдерімен Шығыс Қазақстан облыстық сотының аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының штаттық саны 22 бірлікке артқанын айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеделдету және оңайлатуға, сондай-ақ сот қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған электронды сот өндірісі бойынша бірқатар пилоттық жобалардың іске асырылып жатыр.
Кеңес барысында облыстық соттың алқа төрағалары, сот кеңсесінің басшысы және өңірдегі аудандық және оған теңестірілген соттардың кейбір басшыларының атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Есепті кезең ішінде Шығыс Қазақстан облысының соттары 23 828 азаматтық (былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға артық), 2 187 қылмыстық және 22 325 әкімшілік істі қараған.
Алға қойылған міндеттердің маңыздылығын назарға ала отырып, облыстық сот төрағасы А.Ж.Рахметтулин қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді өз уақытында қарастыруға, сот отырыстарын кейінге қалдыру себептерінің негізділігіне, республиканың қолданыстағы заңнамаларына енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша семинар сабақтарына қатыстыру арқылы судьялардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруға, сот актілерін өз уақытында және сапалы әзірлеу бойынша талаптарды күшейтуге, сондай-ақ БАҚ-пен өзара байланысты жандандыруға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.
Кеңейтілген кеңес соңында жаңадан тағайындалған 26 судьяның салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Осыған орай І.С. Испанов судья лауазымына тағайындалған жаңа әріптестерін құттықтап, оларға жұмыста табыс тіледі.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Президент жолдауынан басталған игі істер