Қарағанды облысында кәсіпкерлікке тегін сервистік қызмет көрсетіледі

13 Шілде, 2014 10:02
Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасы бухгалтерлік және салықтық есеп, заңгерлік қамтамасыз ету, кедендік рәсімдеу, сапа менеджменті жүйесін енгізу, маркетинг мәселесі қызметтері, ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу мәселесіндегі кеңес беру қызметтері саласындағы кәсіпкерлерге арналған тегін қызмет көрсететін сервистік компанияларына іріктеу негізіндегі байқау өткізді.

Биылғы жылдың 26 маусымынан бастап шағын және орта кәсіпкерліктердің 30 суюбъектісі атылмыш қызметті пайдаланып үлгерді. Сонымен қатар тек облыс ортағынан ғана емес, моноқалалар, шағын қалалар мен облыстың аудан ауылдарында да бұл қызметтің игілігін көрді.

Шалғайдағы ауылдық жерлерде сервистік компания мамандарының көшпелі қызмет көрсету шаралары ұйымдастырылды. Онда қызмет көрсетуге арналған барлық құрылғылармен қамтамасыз етілген мобильді орталықтар жұмыс істеді. 

Барлық жаңалықтар