Қазақстандықтар халықаралық фестивальда үздік жас саясаткерлер атанды

12 Шілде, 2014 14:27
РФ-ның Чита қаласында өткен ШЫҰ мемлекеттерінің студенттік Халықаралық фестивальде Қазақстан Республикасынан келген делегация «Жас саясаткерлер» номинациясының үздігі атанды.

Фестивальға 14 мемлекеттен келген 4 мыңнан астам адам қатысты. Қазақстан делегациясының құрамына  «Спорт», «Жас саясаткерлер», «Журналистика» сынды түрлі 8 аталым бойынша 47 адам кірді, деп Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сарапшылар, модераторлар және фестивальдің құрметті қонағы ретінде 100-ден астам белгілі саясаткерлер, журналистер, әлем эстрадасының жұлдыздары қатысты. 

Барлық жаңалықтар