Жарты жылда Қостанай облысының ХҚКО миллионнан астам құжаттар қабылдады

12 Шілде, 2014 15:57
Жыл басынан бастап «ХҚКО» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының 23 бөлімдері 634 709 құжат қабылдап, 677 754 дайын құжат алынды. Олардың ішінде 29% электронды нысанда көрсетілді. Қоғамдық қолжетімділік пункті арқылы 427 мыңнан астам тұлға қажетті анықтамаларын алды. Олардың ішіндегі ең талап етіліп отырған қызмет, яғни жалпы берілген анықтамалар санының 34% тұрғылықты жері бойынша анықтама беру.

Қоғамдық қолжетімділік пункті арқылы 427 мыңнан астам тұлға қажетті анықтамаларын алды. Олардың ішіндегі ең талап етіліп отырған қызмет, яғни жалпы берілген анықтамалар санының 34% тұрғылықты жері бойынша анықтама беру, - деп облыс әкімдігінен хабарлады. 

Сонымен қатар, электронды сандық қолтаңба да сұранысқа ие қызмет болып қала береді.Жарты жылда Қостанай облысының 56 мыңнан астам тұрғыны электронды сандық қолтаңбаның иесі болды. 

Шалғай елді мекен тұрғындарына қолайлы болу үшін құрылған Мобилді ХҚКО өз жұмыстарын жалғастыруда.2014 жылғы жарты жылда «ХҚКО» РМК Қостанай облысы бойынша қызметкерлері 314 шығу жасалып, 6 527 өтініш қабылданды және 8 968 дайын құжаттар берілді.

«Сонымен қатар, электронды үкімет порталының төлем шлюзі арқылы айыппұл және салық алымдарының төлемдері бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, яғни ЖПБ айыппұлдарының төлемі бойынша 6 айда 5,5 миллион теңгеден астам соммада 587 транзакция жасалды; салық алымдары бойынша 9 миллионнан теңгеден соммадан астам 1 025 транзакция жасалды», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар