- Басты
- Жаңалықтар
- Терминологиялық сөздік: Біріңғай экономикалық кеңістік
Терминологиялық сөздік: Біріңғай экономикалық кеңістік
2012 ж. 1 қаңтарынан бастап экономикалық интеграцияның бұдан да терең түрі Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Бірыңғай экономикалық кеңістігінің нормативтік-құқықтық негізін қалыптастыратын 17 базалық келісімдер күшіне енді. Ол бойынша Кедендік одаққа (тауарлардың қозғалысы) қосымша келесідей қажетті жағдайларды қамтиды:
1) келісілген экономикалық саясат;
2) капиталдың еркін қозғалысы;
3) қызметтердің еркін қозғалысы;
4) жұмыс күшінің еркін қозғалысы;
5) БЭК мүше-мемлекеттерінің инфрақұрылымына қолжетімділік.
Кедендік одақ комиссиясы ұлттық деңгейден жоғары екісатылы жаңа орган – Еуразиялық экономикалық комиссияға өзгертілді, ол қазіргі таңда БЭК қызметіне жетекшілікпен қатар, өз өкілеттілігі деңгейінде шешімдер қабылдап, ұсыныстар дайындайды.
Қол жеткізілген нәтижелер арасы-нан үшінші елдерден келетін импорттан кедендік-тарифтік қорғау деңгейінің артуын және ішкі нарықтың маңызды салала-рын тарифтік емес шаралар арқылы қорғауды қамтамасыз етуді айтуға болады. КО пен БЭК серіктестермен бірлесе отырып экспортқа бағытталған кооперациялық тізбелерді дайын-дау мүмкіндігі туды.
БЭК аясында жұмысқа рұқсат алу жо-йылды. Миграциялық есепке 30 күнге дейінгі тіркелуді кейінге қалдыру туралы ереженің қолданылуы жұмысшы-мигранттардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Капитал мен қызметтердің қозғалысының еркіндігі саласындағы келісімдер БЭК елдері территорияларында ұлттық режим мен барынша қолайлы сезіну режимін жасау-ды қамтамасыз етеді. Олар сонымен қатар қаржылай қызмет саласындағы және басқа да салалардағы ұлттық заңнамаларды үйлесімдендіруге мүмкіндік жасайды.
БЭК мемлекеттері ішінде темір жол көлігімен жүк тасымалдау қызметіне бірегейленген тарифтер қолданылуы тиіс. Бұл келісімді жүзеге асыру қазақстандық өнімді КО пен БЭК бойынша серіктестер нарығы мен жалпы әлемдік нарыққа экспорттау жөніндегі отандық өнеркәсіптердің шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.
Өзара келісілген (үйлестірілген) агроөндірістік саясат мақұлданған, ол ауыл шаруашылығын дамыту сұрақтары бойынша толықтырылған саясатты жүзеге асыруды, ветеринарлық және фитосанитарлық аман-саулықты, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастырған.
Интеграцияның нақты мақсаттарын тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік беретін құқықтық негіз жасалынған, ол бойынша еңбек өнімділігін арттыру, өндірістегі шығындарды азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, бірін-бірі өзара толықтырып отыратын технологиялық тізбекті қалыптастыру, ғылыми-зерттеулік және сынақтық-конструкторлық жобаларды дамыту, жаңа технологияларды тарту және т. б. Осының барлығы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының артуына ықпал етеді.
Жақын арадағы 2–3 жылдарда БЭК қалыптастыру бойынша арнайы бекітілген күнтізбелік жоспар негізінде БЭК-тің 17 базалық келісімдерінің бұдан ары жүзеге асуын қамтамасыз ету жоспарланған.
Біз білетіндей, оның нәтижесі 2015 ж. 1 қаңтарында құрылатын Еуразиялық экономикалық одақ болуы тиіс.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
ҚР ӘЭД: Инвестиция, ЖІӨ, тұрғын үй және экономикалық өсімді ынталандыру шаралары -
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді -
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері