- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның Еуроодақпен жаңа Келісім бойынша келіссөздері биылғы жылдың күзінде аяқталуы мүмкін
ҚР-ның Еуроодақпен жаңа Келісім бойынша келіссөздері биылғы жылдың күзінде аяқталуы мүмкін
«Кездесулер барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісім жобасы жөніндегі келіссөздердің жетінші раундының қорытындылары талқыланды. Министр келіссөз жүргізуші топтардың арасындағы өзара түсіністіктің арқасында өткен раунд ең нәтижелі болғанын қанағатпен атап өтті – іс жүзінде құжаттың барлық ережелері келісілді. Бұл келіссөз үдерісін үстіміздегі жылдың күзіне қарай аяқтауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Министрлікте хабарлағандай, 10 шілдеде Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Аурелия Бушез, Германияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Гидо Херц және Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісінің орынбасары Харри Путкермен кездесулер өткізді.
Министр ЕО елдерімен визалық режимді жеңілдету мәселесінің еліміз үшін ерекше маңызды болып табылатынына ерекше көңіл аударды. 2014 ж. 15 маусымда Қазақстан біржақты түрде еліміздің экономикасының ең үлкен инвесторлары болып табылатын он елдің азаматтарына бір жылдық мерзімге визасыз режим енгізгені мәлім.
Кездесулерде ағымдағы жылы ГФР-мен реадмиссия туралы Келісімнің ратификациясын аяқтауды және Бенилюкс елдерімен дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім және реадмиссия туралы келісімге қол қоюға дайындық жоспарлары туралы аталып өтілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі