- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Ақтау гарнизонына барды
Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Ақтау гарнизонына барды
Министр әскери гарнизонның қазіргі қызметі және жағдайымен, сондай-ақ оның даму перспективаларымен танысты.
С. Ахметов әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық әлеуеті, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде алынған жаңа үлгідегі қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау мен оларды пайдалану бойынша қолбасшылықтың баяндамаларын тыңдады.
Аймаққа сапары барысында министр жеке құрамның әлеуметтік жағдайына, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілер үшін тұрғын үй құрылысын жүргізу жөніндегі бағдарламасының жүзеге асырылуы, тұрмыс пен қызмет жағдайын одан әрі жақсарту мәселелеріне айрықша көңіл бөлді.
Ақтау гарнизонындағы нысандар мен бөлімшелерді қарау барысында министр әскери-теңіз базасының оқу орталығымен, оқу-жаттығу стансасымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған. Өңірлік қолбасшылықтың негізгі тапсырмалары мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылықты, аумақтық тұтастықты, егемендік пен Каспий теңізінің қазақстандық секторында еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері