- Басты
- Жаңалықтар
- Перзентханаларда бала дамуының жеке карточкасы берілетін болды – ДСМ
Перзентханаларда бала дамуының жеке карточкасы берілетін болды – ДСМ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұсыныстарын ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасын» әзірледі. Кітапшадан ата-аналар дәрігерлердің кеңестерімен танысып, сонымен қатар сәбидің бойы мен даму барысына қадағалау бойынша күнделік жүргізе алады.
Ведомстваның хабарлауынша, «0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасы» перзентханаларда босанған әйелдерге таратылып, отбасы үшін баланың қалыпты дамуы бойынша нұсқаулыққа айналады. Мұндай кітапшамен әрбір ананы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасын» әзірлеудегі мақсат - нәрестенің бойы, дамуы және денсаулығы туралы мәліметтерді ескеріп, сақтау болып табылады. Сондай-ақ, кітапшада нәрестені қалай дұрыс емізу, қай кезде және қандай қосымша тамақ беру, психикалық және физикалық қалыпты дамуы үшін қалайша уқалау және гимнастика жасау туралы мамандардың кеңестері берілген.
Карточка әрбір отбасында болып, ата-аналар мамандардың кеңестеріне сай толтыруы керек. Ол ата-аналар мен медицина қызметкерлеріне бала денсаулығын, бойы мен дамуын мониторингілеуге, ауытқуларды ерте байқауға және уақытында түзетуге мүмкіндік береді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері