- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан тарихының тұтастай бір дәуірі Н.Назарбаев есімімен байланысты – В.Путин
Қазақстан тарихының тұтастай бір дәуірі Н.Назарбаев есімімен байланысты – В.Путин
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауында Қазақстан тарихындағы әлеуметтік, экономикалық және сыртқы саясат саласындағы айрықша табыстармен есте қалатын тұтас бір дәуірдің Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты екені айтылған.
«Ресей-Қазақстан достық қарым-қатынасы дамуының табанды жақтаушысы ретінде Сіз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға жеке зор үлесіңізді қосып келесіз. Еуразиялық одақ жөніндегі Сіздің көреген идеяңыздың жүзеге асуының шын мәнінде дәуірлік маңызы бар», – делінген құттықтауда.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өз құттықтауында Қазақстан Президентінің қолдауымен Шанхайда АӨІСШК IV саммиті табысты өтіп, оның құрылым жұмысының жаңа кезеңге шығуына септігін тигізгенін атап өткен.
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың құттықтауында Қазақстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты қызметі мен қажырлы еңбегі аса зор құрметке лайықты екені атап өтілген.
«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Сіздің ұсынысыңыз нақты жүзеге асты. Бұл қадам Белорусь-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтады және экономикалық әлеуетімізді, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында достас елдеріміздің тиімді өзара ықпалдастығы үшін бұдан да қолайлы жағдайлар туғызатынына күмән жоқ», – дейді А.Лукашенко.
Мемлекет басшысына Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов өз құттықтауын жолдады, онда мемлекет және қоғам құру саласындағы Қазақстанның қол жеткізген табыстары, сондай-ақ халықтың бақуат тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені айтылған.
Қазақстан Президентінің атына сондай-ақ Украина Президенті Петр Порошенкодан құттықтау келіп түсті, онда Қазақстан мен Украина бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ынтымақтастықтың ілгері қарай дамуын, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара тиімді ықпалдастықты қамтамасыз ететіні айтылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді