- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Премьер-Министр және Ұлттық банк төрағасымен кездесті
Елбасы Премьер-Министр және Ұлттық банк төрағасымен кездесті
Алматыдағы резиденцияда өткен кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысына еліміздің бірінші жартыжылдықтағы экономикалық дамуының негізгі қорытындылары жөнінде айтып, Үкіметтің екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің және валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ әлемдік қаржы нарықтарында қалыптасып отырған ахуалға орай ұдайы болатын қатерлерге талдау жүргізуге баса назар аударды.
Қ.Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің жағдайы, сондай-ақ Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты жөнінде мәлімдеді.
Ұлттық банк басшысының мәліметіне сәйкес, 2014 жылғы бірінші тоқсанда ІЖӨ нақты өсімі 3,8% болды. 2013 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда тауарлар экспорты 10,8 %-ға өсіп, 22,7 млрд. АҚШ долларына жетті, ал тауарлар импорты 14,6%-ға төмендеп, 8,7 млрд. АҚШ долларын құраған. Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қор мөлшері шамамен 77 млрд. АҚШ долларына жеткен.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономиканың даму қарқынын сақтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар