Астанада Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастығы талқыланды

10 Шілде, 2014 18:27
Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті. Тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимылдардың кезектегі және перспективалық мәселелері бойынша пікір алмасты, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі болып табылады, – деді ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов.

Тараптар бітімгершілік әлеуетті, әскери білімді және қазақстандық әскери қызметшілердің мамандандырылған даярлығын дамытуға мүмкіндік беретін әскери ынтымақтастықтың бес жылдық Жоспарын іске асыру шеңберіндегі өзара іс-қимылдың табыстылығын атап өтті.

Барлық жаңалықтар