- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына «Туған елге тағзым» жобасы өткізілді
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына «Туған елге тағзым» жобасы өткізілді
Бағыттармен алмасу жобаның басты ерекшеліктерінің бірі. Ол оқушыларға Қазақстанның құндылықтарын өз көздерімен көруге мүмкіндік береді. Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне Павлодар мен Семейдің Назарбаев зияткерлік мектептерінің зерттеу-өлкетану экспедициясы келді. Жоба аясында экспедиция тобы тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ағдар дайындалды. Семей қаласының оқушылары үшін «Тарихи өлке – Оңтүстік Қазақстан» тақырыбы ұсынылды. Павлодар қаласының тобына «Оңтүстік Қазақстан – бай мәдениет пен тарихтың орталығы» тақырыбы берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімдігі.
10 күн ішінде жас ғалымдар жалпы облыстың табиғи-климаттық, тарихи-мәдени, ғылыми-оқыту және индустриялды ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар олар зообақтарға, дендробақтарға барып жер бетінің өсімдік және жануар түрлеріне қанық болды. Және де облыстың ең ірі кәсіпкерліктері «Santo» фармацевтикалық зауыты мен «Petro Kazakstan» мұнай өңдеу зауытын аралады. Сол жерде олар дәрі-дәрмектің дайындалу жолымен танысты.
Сонымен қатар қатысушылар Отырар көне қаласына да табан тіремей кете алмады. Көне қаладағы археологиялық қазба байлықтарымен танысты. Жұмыс барысында балалар көне мешіттің жер астына көшіліп қалған үйіндісінің орнын зерттеді. Сонымен қатар қазіргі таңда қалпына келтірілген Арыстан баба, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралады. Музей мен универсиеттердегі мәдени-тарихи-этнографиялық орталықтар мен кітапханаларға барды.
«Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы көптеген жетістікке қол жеткізуімізге жол ашады. Осы экспедициядан жиналған материалдар мектеп кітапханасына табысталып, келер жылғы мектеп оқушыларына оқулық құралы мен өзге де көмекші материалдар ретінде кәдеге асырылады. «туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициясы үшінші жыл қатарынан өткізілуде», - делінген хабарламада.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді