• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазАгроның» еншілес компаниялары Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеуді бастады

«ҚазАгроның» еншілес компаниялары Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеуді бастады

10 Шілде, 2014 19:23
«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша шағын несиелеуді бастайды.

Бұл бағдарламаның екінші бағыты – моноқалалар тұрғындарын жұмыспен қамтудың тиімді құрылымын құру үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсатта республикалық бюжеттен 1,9 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

Жаңа қаржыландыру бағдарламасы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі жүргізіп жатқан ауыл тұрғындары үшін несиелерге қолжетімділікті нығайту бойынша шаралар шеңберінде жүзеге асырылып жатқандығын атап өту қажет.

Бүгінгі таңда Қор Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай облыстарында аймақтық уәкілетті ұйым болып танылды. Тағы 5 облыста – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды – келісім-шарттар қарастырылуда. 

Қордың Директорлар кеңесі бекіткен, моноқалалар тұрғындарын несиелеу талаптары келесі: қарыз сомасы – 3 млн. теңгеге дейін, сыйақы үстемесі – жылдық 6%, тиімді сыйақы үстемесі – 6,7% аспайды, қарыздың мерзімі – 4,5 жылға дейін, қамтамасыз ету – Қордың кепілдік саясатына сәйкес. Негізгі борыш пен үстемені қайтару бойынша  жеңілдетілген мерзім бекітілген – несиелеу мерзімінен 1/3 ұзақ емес.

Сонымен, 2014 жылы Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Қор Қазақстанның 10 аймағында 1,4 млрд. теңгеге шағын несие береді деп жоспарланған.

Жалпы, жыл басынан бері «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен республиканың АӨК қолдауға 101,6 млрд.теңге бағытталды, соның ішінде АӨК субъектілерін несиелендіруге – 88,3 млрд.теңге. Өткен жылы холдингтің жиынтық несиелік қоржыны АӨК несиелендірудің жалпы көлемінің 48 пайызын құрады.

Барлық жаңалықтар