- Басты
- Жаңалықтар
- Инвесторларға берілетін виза мерзімі 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін - СІМ
Инвесторларға берілетін виза мерзімі 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін - СІМ
«Тізімде бекітілген 10 мемлекеттің азаматтары елімізге 15 күн бойы визасыз келе алады және кете алады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында оларға еліміздің барлық аймақтарын аралауға болады. Оның үстіне, бір жылда келіп кету саны шектелмеген. Бұл өте ыңғайлы. Себебі, келісім жасалған жағдайда азаматтар еш кедергісіз Қазақстанға келіп кете алады», - деді Р. Жошыбаев.
Бірінші вице-министр атап өткендей, визасыз тәртіптің 15 күндік мерзімі ұзартылмайды. Ол, тек азамат іскерлік және инвесторлық мақсатта келген жағдайда ұзартылуы мүмкін.
«Ол үшін инвестор қазақстандық серіктес тарапынан қолдаухат алып келуі тиіс. Ол болған жағдайда шетелдік кәсіпкердің визасы «іскер» санаты бойынша 30 күнге дейін ұзартылатын болады», - деп ол толықтырды.
Егер, аталған мемлекеттерден келген азаматтар инвестициялық жобаны жүзеге асыруға атсалысатын болса, онда қазақстандық серіктестер инвестициялық жобаның бизнес-жоспарымен бірге ҚР ИЖТМ Инвестиция комитетіне шетелдік азаматқа «инвестор» санатын беруіне өтініш білдіруі керек.
«Бұл жағдайда «инвестор» санаты бойынша виза 90 күнге беріледі және ол 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін», - деп Р.Жошыбаев сендірді.
Камила Амирова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі