- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ он мемлекетке визасыз тәртіп енгізді (ФОТО)
ҚР СІМ он мемлекетке визасыз тәртіп енгізді (ФОТО)
Маусымның 12 күні өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысында мемлекет басшысы 10 елге визасыз тәртіпті енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын мәлім еткен болатын.
Жобаны жүзеге асыру бойынша арнайы заң жасақталды. Енді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Малайзия, Нидерланды, БАӘ, Корея Республикасы мен Жапония елдерінің азаматтары шекараны асып өткен соң 15 күнге визалық талаптардан босатылады.
Айта кетерлік жайт, пилоттық жоба ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап тура 1 жылға заңды күшіне енеді.
«Бұл бастама екі жақты байланысты нығайтуға, әлеуетті инвесторға қолайлы жағдай жасауға және туристерді тартуға бағытталған. Визасыз жүйе елімізге қысқа мерзімге келгісі келген, тізімде көрсетілген елдердің барлық тұрғындарына қатысты», - деп Р.Жошыбаев атап өтті.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, бұл Қазақстанға туризм саласын дамытуда тың серпіліс береді. Бұдан басқа шағын және орта бизнесті дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда, мемлекет қазынасын толтыруда оң нәтиже күтілуде.
«Біздің есептеуімізше, пилоттық жобадағы 15 күн біздің елімізбен танысуға, келіссөздер жүргізуге жетерлік», - деді ол.
Сонымен қатар, ол Қазақстан экономикасына шетелдік капитал тартылған елдердің ішінде көшбасында, деп ағынан жарылды. «Сонымен, 2005 пен 2013 жыл аралығында елімізге 183 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды», - деді Р.Жошыбаев.
Камила Амирова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты