Ақтөбеде жер қойнауын пайдалану бойынша 84 келісімшарт тіркелген

10 Шілде, 2014 12:19
2014 жылғы 9 шілде жағдайында Ақтөбе облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған 84 келісімшарт тіркелген, соның ішінде барлауға арналған 5 келісімшарт, өндіруге арналған 40 келісімшарт, барлауға және өндіруге арналған 39 келісімшарт бар, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық табиғи ресурс және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.

Басқарма тұрақты түрде бақылаушы органдармен бірге заңды орындауын және келісімшарттар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бөлігінде жұмыстарды жүргізеді.

«2014 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша, жер қойнауын пайдаланушыларға міндеттемелердің бұзылғандығы жөнінде 97 хабарлама жіберілді, осы жұмыс нәтижесінде қазіргі таңда 13 келісімшарт біржақты тәртіпте бұзылды», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар