- Басты
- Жаңалықтар
- Оралдағы апатты үйлердің орнына күзде жаңа үйлер салынады
Оралдағы апатты үйлердің орнына күзде жаңа үйлер салынады
Жалпы шаһардағы мұндай үйлердің саны 33, бұларда 350 отбасы тұрып жатыр, деп хабарлайды БҚО облыстық әкімдігі.
Өткен ғасырдың 60-жылдары салынған қос қабатты үйлердің әбден тозығы жеткен. Тіпті, арасында салынғанына ғасырдан аса уақыт өткен ғимараттар да кездеседі.
Енді апатты жағдайдағы үйлердің мәселесін шешу үшін қалалық әкімдік өзге өңірлердің тәжірибесіне, яғни мемлекеттік-жеке әріптестіккке жүгінбекші.
«Қазіргі таңда тоғыз қабатты 90 пәтерлік екі үйдің жобасын жасақтаудамыз. Ол үйлер қазіргі екі апатты үйдің орнынан салынып, тұрғындары сонда көшірілетін болады. Құрылысты «Болашақ - Т» және «СВ-плюс» ЖШС-і жүргізеді. Олар заманауи технологияларды пайдалану арқылы құрылысты қысқа мерзімде әрі сапалы салып шығуы тиіс. Мемлекет өз тарапынан салынған үйлерге қажетті коммуникацияларды жеткізіп береді», - дейді Орал қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің жетекшісі Мәлік Еснияз.
Оның айтуынша, құрылысты биылғы күзде бастау көзделуде. Оған дейін алдымен сүрілетін үйді анықтап, оның тұрғындарын уақытша баспанамен қамту мәселесін шешіп алу керек.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды