- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Швейцария арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Швейцария арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды
«Бірнеше бағытта жұмыстар қолға алынбақ. Кедендік және салықтық салада қазыналық шарттарының ашықтығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік сатып алу және өзге де мәселелер бойынша комитеттер мен бөлімшелерге тиісті өзара байланысты қамтамасыз ететін жұмыс топтары құрылады. Бұл тәжірибе алмасу, үздік әлемдік стандарттарды енгізудегі маңызды бағыттардың бірі», - дейді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Екінші бір маңызды құжаттардың бірі, министрдің айтуынша, екі қайтара салық салудың алдын алу туралы Конвенцияның Хаттамасын түсіндіру бойынша хат алмасуға мүмкіндік беретін құжат.
«Кәсіпкерлердің қандай да бір ақпаратты дұрыс қодануына мүмкіндік беретін бұл құжаттың маңызы зор. Біз екі қайтара салық салуды алдын алатын құжатты 40 шақты елмен құрдық. Бұл инвестиция үшін өте қажет. Біз барлық тауар айналымының 95 пайызын осынау шаралармен қамтамасыз етіп отырмыз», - дейді ол.
Айта кетерлік жайт, бүгінде қазақстандық-швейцариялық ынтымақтастықтың кеңістігі кең және ол көптеген салаларды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ресми сапармен Астанаға Швейцарияның Федералды кеңесшісі, Федералды қаржы министрлігінің жетекшісі Эвелин Видмер-Шлюмпф ханым келді.
Екі жақты кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан ары нығайту және ЕХРО-2017 дүниежүзілік көрмесіне Швейцарияның атсалысу мәселелерін қарады.
Сонымен қатар, сапар аясында, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ басшылығымен кездесу жоспарланған.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы