• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Тайланд арасында мемлекеттік қызмет саласы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

Қазақстан мен Тайланд арасында мемлекеттік қызмет саласы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

9 Шілде, 2014 17:21
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев Тайланд Корольдігінің Мемлекеттік қызмет комиссиясы кеңсесінің Жауапты хатшысының орынбасары Висоот Праситсиривонгсемен мемлекеттік қызмет саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды.

«Аталмыш меморандум бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік қызметкерлерді бірлесіп оқытуға, ақпарат алмасуға, реформаларды табысты жүзеге асыруға септігін тигізеді», - деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов мәлім етті.

Айта кетерлік жайт, меморандум аясында сарапшылармен кездесу өткізу, мемлекеттік қызмет істері саласы бойынша шараларға қатысу қарастырылған.

Өз кезегінде Висоот Праситсиривонгсе мырза Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері саласында жүзеге асырылған реформалар мен нақты бағдарламаға жоғары баға берді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар