• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ұлттық гвардия құрамы командасының жиынына қатысты

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ұлттық гвардия құрамы командасының жиынына қатысты

9 Шілде, 2014 14:26
Бүгін Президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Қ.Қожамжаров «Орталық» өңірлің командалау әскери бөлімінің базасында өткен Ұлттық гвардия құрамы командасының оқыту-әдістемелік жиынына қатысты.

Шара аясында Ұлттық гвардияның Әскери кеңесінің отырысы өтті. Онда қызметтік-әскери жұмыстардың негізгі қорытындысы жасалып, алдағы уақытқа нақты міндеттемелер айқындалды.

Отырыста Қ.Қожамжаров қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіп сақтаудағы Ұлттық гвардияның рөліне тоқталды. Командалауға Ұлттық гвардияны бұдан ары жетілдіру тапсырмасы жүктелді.

Жиында жедел-қызметтік қабылдау аудандарындағы күш пен құзіретті тарату бойынша Ұлттық гвардия бөлімшелерінің әскери іс-қимылы көрсетіліп, парашютті-десантты және әскери сауықтыру топтарының қимылдары таныстырылды.

Жиын қорытындысы бойынша Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы «Орталық» өңірлік командалау құрамының жекелеген қимылдарына оң бағасын берді. 

Барлық жаңалықтар