• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағандыда жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық жобалар қаралды

Қарағандыда жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық жобалар қаралды

9 Шілде, 2014 13:28
«Сарыарқа» ӘКК жүзеге асырып жатқан жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық жобалар Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың төрағалығымен өткен келелі кеңесте талқыланды.

Жоба мақсаты  - «Карағанды көмір бассейнінің Талдықұдық учаскісінде көмір қатпарларынан метанды барлау және өндіру балып табылады. Инвестициялық жобаның жалпы құны 630 млн. теңгеден асады. Геологиялық барлау жұмыстары аяқталған соң метан газын өндіру 25 жыл бойы жалғасады. Нәтижесінде жаңа 100 жұмыс орны ашылмақ. Ал, аймақты әлеуметтік дамыту мақсатында жыл сайын барлау жұмыстары барысында 50 мың доллар, метанды өндіру жылдары 100 мың доллардан  бөлініп отырады, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сонымен қатар, алқа мәжілісінде осы сала бойынша  аймақта жүзеге асырылатын өзгеде жобалар қаралды. 

Келелі кеңестің қорытындысы бойынша аймақ басшысы өндіріс және индустриалды- инновациялық даму басқарамасына, Бұқар жырау мен Нұры аудандарының әкімдеріне жиналыста қаралған жобалар бойынша құжаттарды дайындау үшін бірқатар тапсырмалар берді. 

Барлық жаңалықтар