- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасы жобасын дайындады
ҰКП Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасы жобасын дайындады
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Орта Азияның Еуразия қоры» корпоративтік қорымен бірлесе отырып Қазақстандағы корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің ұлттық тұжырымдамасы жобасын дайындады.
«Біз корпоративті әлеуметтік жауапкершілік дегенді тұтынушыға, қоршаған ортаға қатысты ерікті түрде қосымша жауапкершілік арқалау деп түсіндіреміз. Бұл еңбек қауіпсіздігі мәселесі де. Бүгінде бизнес қоғаммен санаса отырып бірге жұмыс істеуі керек», - дейді ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.
Айта кету керек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің корпоративтік әлеуметік жауапкершілігі туралы Ұлттық тұжырымдама әзірледі. Бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін ынталандыруға бағытталған құжаттың жобасы Үкімет қарауына жіберілді.
Ұлттық тұжырымдама мемлекет пен бизнес, азаматтық қоғамның сенімді әріптестігі арқылы Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда бірыңғай жүйе қалыптастыруға арналған.
Осыған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Астана қалалық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік Тұжырымдамасы жобасын талқыға салмақ.
Камила Амирова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады